Жаңалықтар
ШЖҚ «Материалдық-техникалық қамтамасыз ету Басқармасының Автошаруашылығы» РМК
16-03-2023
Студенттер өндірістік дағдыларын дамытуда
Астана қаласы әкімдігінің rөлік және коммуникация жоғары колледжінің «Тасымалдауды ұйымдастыру және көлікте қозғалысты басқару» мамандығы бойынша оқитын 23 студенті материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының автошаруашылығына өндірістік тәжірибеге шықты.
Тәжірибелі тәлімгерлердің жетекшілігімен болашақ мамандар өндірістік және технологиялық процестерді зерттейді, автомобильдерге компьютерлік диагностика жүргізеді, жөндеу, шанақ жұмыстарын, құжаттау стандарттары мен жұмыс регламенттерін үйренеді.
Бұл топтың қыз балалары бухгалтерлік есеп және есептілік, диспетчерлік қызмет бөлімдерінің жұмысына қатысады.
Тәжірибеден өту барысында студенттер ақпаратты өз бетінше таңдауға және жүйелеуге, алған теориялық білімдерін практикада қолдана отырып, алдына қойылған міндеттерді шешуге, ұжымда өзін-өзі бақылау және өзара әрекеттесу дағдыларын дамытуға үйренеді.
- Тәжірибе жаңа ғана басталды, бірақ балалар өздерін тәртіпті, жауапты және атқарушы жас мамандар ретінде көрсетті деп айтуға болады. Біз колледж басшылығына қолдау көрсетіп, өндірістік тәжірибені ұйымдастыруға көмектескенімізге қуаныштымыз, - деді автошаруашылық директорының орынбасары Құралай Төретаева.
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР
Автошаруашылық аумағындағы «Жасыл Астана»
Автошаруашылық аумағындағы «Жасыл Астана»
Ары қарай оқу...Наурыз мейрамы - көктемгі күн мен түннің теңелу күні
Наурыз мейрамы - көктемгі күн мен түннің теңелу күні
Ары қарай оқу...Студенттер өндірістік дағдыларын дамытуда
Студенттер өндірістік дағдыларын дамытуда
Ары қарай оқу...25 жылдық мерейтойы марапатталды
Кәсіпорында жұмыс істейтін жүргізушілер, слесарлар, жанармай құюшылар, диспетчерлер және басқа да техникалық мамандар мерекенің басты кейіпкерлері атанды.
Ары қарай оқу...1 маусым-Халықаралық балаларды қорғау күні
Балаларды қорғау күніне орай ШЖҚ "Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының автошаруашылығы" РМК
Ары қарай оқу...