Жаңалықтар
7-мау-21
Пушкин көшесіндегі учаске жөндеу жұмыстарына байланысты жабылады

Пушкин көшесіндегі учаске жол төсемінің орташа жөндеуіне байланысты 8-11 маусым аралығында толығымен жабылады.

Ары қарай оқу...
7-мау-21
А.Иманов көшесіндегі учаскеде жөндеу жұмыстары жүргізіледі

«Нұр-Сұлтан қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы» ММ Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Нұр-Сұлтан қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша А.Иманов көшесінде жол жөндеу жұмыстарын бастады.

Ары қарай оқу...
21-мам-21
Елордада Ақбұлақ өзеніндегі көпірде жол жөндеу жұмыстары басталды

Жөндеу жұмыстарына байланысты осы жылдың 21-30 мамыры аралығында Қ.Мұңайтпасов көшесінен А. Янушкевич көшесіне дейінгі учаскедегі көпір көлік қозғалысы үшін ішінара жабылатын болады.

Ары қарай оқу...
21-мам-21
Төлебаев көшесіндегі учаске жөндеу жұмыстарына байланысты уақытша жабылды

Жөндеу жұмыстарына байланысты осы жылдың 21 мамыры сағат 08:00-ден 22 мамыр сағат 06:00-ге дейін Айнакөл көшесінен Қошқарбаев көшесіне дейінгі М.Төлебаев көшесі көлік қозғалысы үшін толығымен жабылды.

Ары қарай оқу...
Мекеме жайлы

"МҚТБ Автошаруашылығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады. Кәсіпорын "Қазақстан Республикасы Парламенті Шаруашылық Басқармасының Автошаруашылығы " республикалық мемлекеттік кәсіпорнын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 11 ақпандағы № 95 қаулысына сәйкес құрылды. "Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 28 желтоқсандағы № 886 қаулысына сәйкес кәсіпорын "материалдық-техникалық қамтамасыз ету Басқармасының Автошаруашылығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны болып қайта аталды.